Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
Фармацевтикалық бақылау
комитеті Төрағасының
2009 жылғы 3 наурыздағы
№ 86 бұйрығымен бекітілген
Дәрілік заттың медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулық
Весаноид
Саудалық атауы
Весаноид
Халықаралық патенттелмеген атауы
Третиноин
Дәрілік түрі
10 мг капсулалар
Құрамы
Бір капсуланың құрамында
белсенді зат - 10 мг третиноин (тұтас транс-ретиной қышқылы),
қосымша заттар: 7,68 мг араның сары балауызы, 7,68 мг гидрогенизирленген соя майы, 30,72 мг ішінара гидрогенизирленген соя майы, 107,92 мг соя майы,
қабығының құрамы: желатин, глицерин, карион (сорбит, маннит, крахмал), титанның қос тотығы, темірдің сары тотығы, темірдің қызыл тотығы).
Сипаттамасы
Сопақша пішінді жұмсақ желатин капсулалар, капсуланың бір жақ жартысы сары-қызыл сары түсті, мөлдір; басқа жартысы - қызыл-қоңыр түсті мөлдір емес.
Фармакотерапиялық тобы
Ісікке қарсы басқадай дәрілер
АТЖ коды L01XX14
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Тұтас транс-ретиной қышқылы - қан плазмасында қалыпты болатын А витаминінің эндогендік метаболиті. Ішіп қабылдағаннан кейін транс-ретиной қышқылы жақсы сіңеді. Қан плазмасында ең жоғары қанығу деңгейіне 3 сағаттан соң жетеді. Транс-ретиной қышқылының сіңуі әр түрлі науқастар да, бір науқаста да күшті өзгеріп отырады. Транс-ретиной қышқылы қан плазмасы ақуыздарымен байланысады. Ең жоғары шекке жеткен кезде плазмалық қанығу деңгейі төмендейді, орташа жартылай шығарылу кезеңі 0,7 сағатқа теңеледі. Бір реттік 40 мг қабылдағаннан кейін қан плазмасындағы қанығу деңгейі 7-12 сағаттан кейін эндогенді деңгейге оралады. Бірнеше рет қабылдаған кезде транс-ретиной қышқылы толық жиналмайды, препарат тіндерде кідірмейді.