Қарағанды қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көліктерде (таксиден басқа)
жүруге әлеуметтік көмек көрсету туралы
Қарағанды қалалық мәслихатының IV шақырылған ХVІ сессиясының 2008 жылғы 24 желтоқсандағы № 172 шешімі
Осы редакция 2009 жылғы 23 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабы 1 тармағы 4 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Заңының 13 бабына және Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 20 бабына сәйкес, Қарағанды қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. 2009 жылдың 1 қаңтарынан қалалық қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жүруге азаматтардың келесі санаттары әлеуметтік көмекпен қамтамасыз етілсін:
1) зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері он үш айлық есептік көрсеткіштен аспайтын зейнетақы мен жәрдемақы алушылар;
2) зейнетақы мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алмайтын, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғалар ретінде арнайы мемлекеттік жәрдемақы алушылар;
3) бала кезінен, еңбектік зақымдануға, жалпы және кәсіптік сырқатқа байланысты мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар;
4) қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасы ретінде арнайы мемлекеттік жәрдемақы алушылар.
2. Бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде қалалық қоғамдық көліктерде жүруге ай сайынғы әлеуметтік көмек тағайындалсын.
3. Уәкілетті орган «Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім):