Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 817 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 2187 Қаулысы (күші жойылды)

Информация о документе
Датапятница, 25 декабря 2009
Статус
Утратил силу
утратил силу с 20 сентября 2011

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 817 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 25 желтоқсандағы № 2187 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 964 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Заңға тәуелді нормативтік құқықтық кесімдерге мониторинг жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 817 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 33, 354-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Заңға тәуелді нормативтік құқықтық кесімдерге мониторинг жүргізу ережесінде:

5-тармақта:

«заң қызметтері» деген сөздерден кейін «, олар болмаған жағдайда - уәкілетті органның басшысы айқындайтын құрылымдық бөлімшелер (бұдан әрі - тиісті құрылымдық бөлімшелер)» деген сөздермен толықтырылсын;

«(бұдан әрі - заң қызметтері)» деген сөздер алып тасталсын;

8, 9, 10, 12, 13-тармақтардағы «заң қызметтеріне», «Заң қызметтері», «заң қызметтері», «заң қызметі» деген сөздер тиісінше «тиісті құрылымдық бөлімшелеріне», «Тиісті құрылымдық бөлімшелер», «тиісті құрылымдық бөлімшелер», «тиісті құрылымдық бөлімше» деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:

«10-1. Заңға тәуелді кесімдерге мониторинг жүргізудің толықтығын қамтамасыз ету үшін уәкілетті органдар тоқсан сайын әділет органдарына өткен тоқсанда қабылданған Қазақстан Республикасының министрлері мен орталық мемлекеттік органдардың өзге басшылары бұйрықтарының, орталық мемлекеттік органдар, Орталық сайлау комиссиясы қаулыларының, мәслихаттар шешімдерінің, сондай-ақ әкімдіктер қаулылары мен әкімдер шешімдерінің тізбесін (ішкі ведомстволық мәселелер бойынша ұйымдастырушылық-кадр және қаржылық-материалдық сипаттағы актілерді қоспағанда) ұсынады.»

12-тармақтың 4) тармақшасы алып тасталсын;

20-тармақтағы «қосымша» деген сөз алып тасталсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами