Введите номер документа
Прайс-листВидеоинструкция

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүдделік қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (2009 жылғы 30 желтоқсанда) (Жоба) (күші жойылды)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүдделік қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» (2009 жылғы 30 желтоқсанда) (Жоба) (күші жойылды)

Документ входит в комплект(ы):

Документы на государственном языке, Мастер, СтройМастер, Профессиональная правовая информация, Юрист-VIP

Жоба

 

Қазақстан Республикасының
Заңы
 
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүдделік қолдау мәселелері
бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2247 Қаулысымен ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілді

 

ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 30 маусымдағы № 898 Қаулысымен ҚР Парламентінің Мәжілісінен кері қайтарып алынды

 

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; 2009 жылғы 14 қарашада «Егемен Қазақстан» және 2009 жылғы 13 қарашада «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бағалау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» 2009 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 12 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне босқындар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» 2009 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 15 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жеке өміріне қол сұғылмаушылық құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 15 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті одан әрі күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» 2009 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2009 жылғы 15 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жалған кәсіпкерліктің жолын кесу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

1) мынадай мазмұндағы 353-1-баппен толықтырылсын:

«353-1-бап. Мүдделік қолдау туралы заңнаманы бұзу

1. Мүдделік қолдау қызметін мүдделік қолдау қызметі субъектілерінің Мүдделік қолдау туралы Заңда көзделмеген нысандарда жүзеге асыруы, -

бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Мүдделік қолдау туралы Заңға сәйкес мұндай қызметті жүзеге асыруға тыйым салынған заң жобаларына қатысты мүдделік қолдау қызметін жүзеге асыру, -

бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Мүдделік қолдау қызметі субъектілерінің уәкілетті органға жыл қорытындысы бойынша өз қызметі туралы есеп бермеуі, -

бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;

2) 637-баптың бірінші бөлігіндегі «353,» деген цифрлардан кейін «353-1,» деген цифрлармен толықтырылсын.

2. «Қазақстан Республикасы Парламентінің комитеттері мен комиссиялары туралы» 1997 жылғы 7 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 9, 94-құжат; 1999 ж., № 12, 398-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат):

1) 29-баптың 3) тармақшасындағы «қоғамдық бірлестіктер» деген сөздерден кейін «және өзге де коммерциялық емес ұйымдар,» деген сөздермен толықтырылсын;

2) 54-баптағы «қоғамдық бірлестіктердің» деген сөздерден кейін «және өзге де коммерциялық емес ұйымдардың» деген сөздермен толықтырылсын.

3. «Әділет органдары туралы» 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 6, 67-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 10, 52-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 14, 18-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 18, 143-құжат; 2008 ж., № 10-11, 39-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 15-16, 75-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат 2009 жылғы 21 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жазалауды орындау жүйесін және қылмыстық-атқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

18-бап мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

«6) мүдделік қолдау қызметі субъектілерін мемлекеттік тіркеу, тіркеу куәлігін беру және мүдделік қолдау қызметі субъектілерінің тізілімін жүргізу.».

2-бап. Осы Заң алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

Добавить в список основных источников в Google

Документ утратил силу
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь

Уважаемый пользователь! Мы стремимся постоянно улучшать качество наших услуг. Пожалуйста, поделитесь своими предложениями — Ваше участие поможет нам стать ещё удобнее и эффективнее для Вас!