Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Регламентіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының 2009 жылғы 11 желтоқсандағы № 526-IV Қаулысы
«Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 14-бабы 2-тармағына, Сенат Регламентінің 1 және 175-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Регламентіне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 5-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Сенат отырыстары сағат 12-ден 12 сағат 30 минутқа және сағат 14-тен 16-ға дейін үзілістер жасала отырып, сағат 10-нан 18-ге дейін өткізіледі. Төрағалық етуші отырыстарда өз бастамасы бойынша немесе Сенат отырысына қатысып отырған депутаттар саны көпшілігінің ұсынысы бойынша үзілістер жариялайды.».
2. 8-тармақ «Сенат депутаттары жалпы санының» деген сөздерден кейін «жай» деген сөзбен толықтырылсын.
3. 9-тармақ мынадай мазмұндағы екінші, үшінші және төртінші абзацтармен толықтырылсын:
«Сенат отырысында заң жобасының бастамашысы уәкілеттік берген лауазымды адамдар заң жобасы бойынша баяндама жасайды.
Заң жобасы бойынша баяндамашыны ауыстыруға ерекше жағдайларда жол беріледі.
Баяндамашы ауыстырылған жағдайда заң жобасының бастамашысы Сенат отырысына дейін, әдетте, екі жұмыс күнінен кешіктірмей Сенатқа тиісті хат ұсынады. Ерекше жағдайларда хат баяндамашыны ауыстыруды талап ететін мән-жайлар туындағаннан кейін бірден жіберіледі.».
4. 16-тармақтың бірінші абзацы «туралы» деген сөзден кейін «жай көпшілік дауыспен» деген сөздермен толықтырылсын.
5. 40-тармақ мынадай мазмұндағы екінші және үшінші абзацтармен толықтырылсын:
«Халықаралық шартты ратификациялау немесе оның күшін жою туралы Мәжіліс мақұлдаған заң жобасын алған кезде, заң жобасымен бірге халықаралық шарттың және оған қосымшаның тиісті уәкілетті орган куәландырған көшірмесі ұсынылады.