Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Регламентіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының 2007 жылғы 20 қыркүйектегі № 17-IV Қаулысы
«Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңы 14-бабының 2-тармағына, Сенат Регламентінің 1 және 175-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Регламентіне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. II бөлімнің, II бөлімнің 1-тарауының тақырыптары, 4, 5, 6, 7, 10, 17, 27, 29, 32, 45, 93, 99, 107, 126, 134, 153, 163, 164, 167, 175-тармақтарда «Отырыстар», «жалпы отырыстарын», «жалпы отырыстары», «Жалпы отырыстар», «Жалпы отырыстардағы», «Жалпы отырыстың», «Жалпы отырыстарға», «жалпы отырыстың», «жалпы отырысқа», «жалпы отырыстардың», «жалпы отырысының», «жалпы отырыста», «жалпы отырыстарында», «жалпы отырысында», «жалпы отырысын», «қосуға және Палатаның жалпы отырыста» деген сөздер «Отырыстар», «отырыстарын», «отырыстары», «Отырыстардағы», «Отырыстың», «Отырыстарға», «отырыстың», «отырысқа», «отырыстардың», «отырысының», «отырыста», «отырыстарында», «отырысында», «отырыстың», «отырысын», «қосады және Палата отырысының» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Отырыстың күн тәртібі алдын ала Сенат Бюросында қаралады және Палатаның талқылауына енгізіледі.
Бюро ұсынған күн тәртібіне депутаттар өзгерістер мен толықтырулар енгізе алады.
Кезегі бойынша бірінші болып Бюро енгізген мәселелер, сонан соң - түсу тәртібімен депутаттар енгізген ұсыныстар қаралады және дауысқа салынады.
Сенат отырысының күн тәртібі Палата депутаттары жалпы санының көпшілігімен ашық дауыс беру арқылы бекітіледі.».
3. 28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«28. Конституциялық заңдар Палата депутаттары жалпы санының кемінде үштен екісінің даусымен қабылданады.
Заңдар, Сенаттың қаулылары және өзге де актілері, егер Қазақстан Республикасының Конституциясында өзгеше көзделмесе, Палата депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады.