«2010-2012 жылдарға арналған Өскемен қаласының бюджеті туралы»
2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 20/2 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қалалық мәслихатының 2010 жылғы 26 қаңтардағы № 21/2 шешімі
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 109 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының «2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 17/222-IV шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 15 қаңтардағы № 18/237-IV (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2525 нөмірімен тіркелген) шешіміне сәйкес, Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Өскемен қалалық мәслихатының «2010-2012 жылдарға арналған Өскемен қаласының бюджеті туралы» 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 20/2 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 5-1-127 нөмірімен тіркелген, 2010 жылғы 21 және 23 қаңтардағы № 11, 12 «Дидар» газетінде, 2010 жылғы 22 және 25 қаңтардағы № 11, 12 «Рудный Алтай» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 1 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«2010-2012 жылдарға арналған қала бюджеті 1, 2 және 3 қосымшаларға сай, соның ішінде 2010 жылға арналған келесі мөлшерлерде бекітілсін:
1) кірістер - 14 892 660,6 мың теңге, соның ішінде:
салық түсімдері - 6 031 228 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 41 602 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 1 918 034,6 мың теңге;
трансферттердің түсімдері - 6 901 796 мың теңге;
2) шығындар - 17 381 136 мың теңге;
3) таза бюджеттік несиелендіру - 0;
4) қаржылық активтермен операциялар бойынша сальдо - 87 960 мың теңге, соның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 87 960 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы - -2 576 435,4 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 2 576 435,4 мың теңге.»;.
2) мынадай мазмұндағы 2-1, 6-1 тармақтармен толықтырылсын: