Павлодар қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 30 қаңтардағы «Әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» № 130/2 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2010 жылғы 3 ақпандағы № 173/5 қаулысы
Павлодар облысы Павлодар қалалық әкімдігінің 2011 жылғы 15 шілдедегі № 1619/23 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағы 14)-тармақшасына және Қазақстан Республикасының «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 20-тармағына сәйкес, азаматтарды әлеуметтік қорғау мақсатында Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Павлодар қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 30 қаңтардағы «Әлеуметтік көмекті тағайындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» № 130/2 қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 12-1-134 тіркелген, 2009 жылғы 14 наурыздағы «Сарыарқа самалы» № 31 газетінде, 2009 жылғы 17 наурыздағы «Сарыарқа самалы» № 32 газетінде, 2009 жылғы 16 наурыздағы «Версия» № 10 газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
«Жалпы ережелер» 1-тараудағы:
13-тармақ алынып тасталсын;
«Біржолғы әлеуметтік көмек» 3-тараудағы:
18-тармақтың 5)-тармақшасындағы «Комиссия көп емес етіп белгілейді» сөздері алынып тасталсын;
20-тармақтағы:
2)-тармақшасындағы «Комиссия шешімі бойынша» сөздері алынып тасталсын;
3)-тармақшадағы «онкологиялық аурулармен» сөздерінен кейін «(диспансердің тізімі бойынша)» сөздері «(диспансердің бас дәрігермен куәландырылған анықтама бойынша)» сөздерімен ауыстырылсын;
13)-тармақшадағы: бірінші абзацтағы «қайтадан неке құрмаған жесірлері мен» сөздері алынып тасталсын; «2000 (екі мың)» цифрлары мен сөздері «5000 (бес мың)» цифрларымен және сөздерімен ауыстырылсын;
екінші абзац жаңа редакцияда жазылсын: