Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 1216 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 наурыздағы № 147 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің 2009 - 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 1216 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің 2009 - 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:
«Қазғарыш қызметінің стратегиялық бағыттары, мақсаты мен міндеттері» деген 3-бөлімде:
«Қазғарыш қызметінің стратегиялық бағыттары, қызметін дамытудың стратегиялық мақсаттары және негізгі индикаторлары» деген 1-қосымшада:
«Ғарыштық қызметті институттандыруды қамтамасыз ету» деген 4-стратегиялық бағытта:
«Техникалық регламенттер мен стандарттарды әзірлеу, ғарыштық қызметті техникалық реттеу мәселелері бойынша нормативтік құжаттар қорын құру» деген 4.1.2-міндеттер:
«2009 жыл» деген бағанда «8» деген сан «15» деген сандармен ауыстырылсын;
«Бюджеттік шығындар жиынтығы» деген 5-қосымшада «2009 жыл» деген баған мынадай редакцияда жазылсын:
«
2009 |
6 013 882 |
1 336 371 |
4 677 511 |
424 897 |
144 897 |
280 000 |
6 438 779 |
1 481 268 |
4 957 511 |
»;
«Бюджеттік бағдарламаның нысаны» деген 3-қосымшада:
001 «Ғарыш қызметі саласындағы саясатты қалыптастыру, үйлестіру және бақылау жөніндегі қызмет көрсетулер» деген бюджеттік бағдарламада: