Медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі (магистратура, резидентура) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары мен мемлекеттік стандарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 29 шілдедегі № 387 бұйрығы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2018.10.12. № 696 бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының медициналық және фармацевтикалық білім беру ісін реформалау тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 24 сәуірдегі № 317 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі (магистратура) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары (бұдан әрі - МЖМБС) бекітілсін:
1) № 1 қосымшаға сәйкес 6М110100 - «Медицина» мамандығы бойынша МЖМБС;
2) № 2 қосымшаға сәйкес 6М110200 - «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша МЖМБС;
3) № 3 қосымшаға сәйкес 6М110300 - «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша МЖМБС;
4) № 4 қосымшаға сәйкес 6М110400 - «Фармация» мамандығы бойынша МЖМБС;
5) № 5 қосымшаға сәйкес 6М110500 - «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы бойынша МЖМБС.
2. Медициналық мамандықтар бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі (резидентура) мемлекеттік білім беру стандарттары (бұдан әрі - МБС) бекітілсін:
1) № 6 қосымшаға сәйкес «Гериатрия» мамандығы бойынша МБС;
2) № 7 қосымшаға сәйкес «Кардиология, оның ішінде балалар кардиологиясы» мамандығы бойынша МБС;
3) № 8 қосымшаға сәйкес «Ревматология, оның ішінде балалар ревматологиясы» мамандығы бойынша МБС;
4) № 9 қосымшаға сәйкес «Аллергология, оның ішінде балалар аллергологиясы» мамандығы бойынша МБС;
5) № 10 қосымшаға сәйкес «Гастроэнтерология, оның ішінде балалар гастроэнтерологиясы» мамандығы бойынша МБС;
6) № 11 қосымшаға сәйкес «Гематология, оның ішінде балалар гематологиясы» мамандығы бойынша МБС;
7) № 12 қосымшаға сәйкес «Пульмонология, оның ішінде балалар пульмонологиясы» мамандығы бойынша МБС;
8) № 13 қосымшаға сәйкес «Эндокринология, оның ішінде балалар эндокринологиясы» мамандығы бойынша МБС;
9) № 14 қосымшаға сәйкес «Нефрология, оның ішінде балалар нефрологиясы» мамандығы бойынша МБС;