«Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын, әкімдерін сайлауға әзірлік және өткізуге байланысты құжаттарды сақтаудың, мұрағатқа тапсырудың және жоюдың Ережесі туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 1999 жылғы 2 қазандағы № 33/251 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2010 жылғы 23 ақпандағы № 172/323 Қаулысы
ҚР Орталық сайлау комиссиясының 2013 жылғы 25 маусымдағы № 13/210 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12-бабы 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын, әкімдерін сайлауға әзірлік және өткізуге байланысты құжаттарды сақтаудың, мұрағатқа тапсырудың және жоюдың Ережесі туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 1999 жылғы 2 қазандағы № 33/251 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 932 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) қаулының тақырыбы мен 1-тармағында «, әкімдерін» деген сөз алынып тасталсын;
2) кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы 12-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;