Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2271 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 12 сәуірдегі № 295 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылдануының 15 жылдығын мерекелеуге дайындалу және оны өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2271 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 2 және 3-тармақтарда «және ақпарат» деген сөздер алынып тасталсын;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылдануының 15 жылдығын мерекелеуге дайындалу және оны өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамына мыналар енгізілсін:
Айтжанова Жанар Сейдахметқызы | - Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі; |
Жұмағалиев Асқар Қуанышұлы | - Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат министрі; |
Дьяченко Сергей Александрович | - Ақмола облысының әкімі; |
мына:
«Телебаев Ғазиз Тұрысбекұлы | - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі, хатшы» |
«Құл-Мұхаммед Мұхтар Абрарұлы | - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі» |
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«Телебаев Ғазиз Тұрысбекұлы | - Қазақстан Республикасының Мәдениет вице-министрі, хатшы» |
«Құл-Мұхаммед Мұхтар Абрарұлы | - Қазақстан Республикасының Мәдениет министрі»; |
көрсетілген құрамнан Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы, Рау Альберт Павлович шығарылсын;
3) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылдануының 15 жылдығын мерекелеуге дайындалу және оны өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
«1. Ұйымдастыру-дайындалу іс-шаралары» деген бөлімде: