«2010-2012 жылдарға арналған Өскемен қаласының бюджеті туралы»
2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 20/2 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қалалық мәслихатының 2010 жылғы 16 сәуірдегі № 23/10 шешімі
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 109 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының «2010- 2012 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 17/222-IV шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 9 сәуірдегі № 20/245-IV (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2010 жылғы 19 сәуірдегі 2528 нөмірімен тіркелген) шешіміне сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Өскемен қалалық мәслихатының «2010-2012 жылдарға арналған Өскемен қаласының бюджеті туралы» 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 20/2 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізімінде 5-1-127 нөмірімен тіркелген, 2010 жылғы 21 және 23 қаңтардағы «Дидар» газетінде, 2010 жылғы 22 және 25 қаңтардағы «Рудный Алтай» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) 1 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«2010-2012 жылдарға арналған қала бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2010 жылға арналған келесі мөлшерлерде бекітілсін:
1) кірістер - 16 872 308 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер - 6 555 978 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 41 602 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 1 740 420 мың теңге;
трансферттердің түсімдері - 8 534 308 мың теңге;
2) шығындар - 19 312 863,7 мың теңге;
3) таза бюджеттік несиелендіру - 0;
4) қаржылық активтермен операциялар бойынша сальдо - 143 460 мың теңге, соның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 143 460 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы - - 2 584 015,7 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 2 584 015,7 мың теңге.»;
2) 3 тармақта: