«Уақытша өтемдік тариф (баға, алым ставкасын) бекіту ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 341-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2010 жылғы 20 сәуірдегі № 120-НҚ Бұйрығы
ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2012 жылғы 14 қыркүйектегі № 235-НҚ бұйрығымен күші жойылды
«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы № 943 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереженің 21-тармағының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Уақытша өтемдік тариф (баға, алым ставкасын) бекіту ережесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2656 тіркелген) Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 341-НҚ бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген уақытша өтемдік тариф (баға, алым ставкасын) бекіту ережесінде:
6-тармақта:
1) тармақша мынадай мазмұнда жазылсын:
«1) тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) немесе олардың шекті деңгейлерін заңсыз көтеру;»;
1-1) тармақшада «тарифтік сметада көзделген» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: