«2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы»
2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 17/222-IV шешімге толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2010 жылғы 17 мамырдағы № 21/269-IV шешімі
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 106, 108-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, «2010 жылға арналған республикалық бюджет көрсеткіштерін түзету туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 12 мамырдағы № 406 қаулысына сәйкес, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 17/222-IV шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 2521, «Дидар» газетінің 2010 жылғы 7 қаңтардағы № 3-4, 2010 жылғы 12 қаңтардағы № 5-6, «Рудный Алтай» газетінің 2010 жылғы 6 қаңтардағы № 1-2 сандарында жарияланды) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
1) 1-тармақта:
«123538840,7» сандары «125640916,7» сандарымен ауыстырылсын;
«1147283,0» сандары «1199310,0» сандарымен ауыстырылсын;
«106333224,7» сандары «108383273,7» сандарымен ауыстырылсын;
«124526105,7» сандары «126628181,7» сандарымен ауыстырылсын;
2) мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«30-қосымшаға сәйкес 2010 жылға арналған облыс бюджетінде облыстық бюджеттің шығындарын өтеуге арналған аудандық (қалалық) бюджеттерден 106862 мың теңге сомасындағы трансферттердің түсімі көзделсін.»;
3) 6-1-тармақ мынадай мазмұндағы қырқыншы абзацпен толықтырылсын:
«815987 мың теңге - «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында жеке кәсіпкерлікті қолдауға.»;
4) 6-2-тармақ мынадай мазмұндағы оныншы абзацпен толықтырылсын:
«427200 мың теңге - «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында индустриялық инфрақұрылымды дамытуға.»;
5) 13-тармақта «782963» сандары «834990» сандарымен ауыстырылсын;
6) 8-қосымшада:
«Барлығы» жолында: