«2010 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 15 қаңтардағы № 23-12қ қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Астана қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 24 маусымдағы № 23-563қ Қаулысы
Астана қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 20 желтоқсандағы № 23-1192қ Қаулысымен күші жойылды
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «2010 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 15 қаңтардағы № 23-12қ қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 3 ақпанда № 617 болып тіркелген; «Астана ақшамы» газетінің 2010 жылғы 11 ақпандағы № 15, «Вечерняя Астана» газетінің 2010 жылғы 11 ақпандағы № 17 жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1-тармақтағы «тізімі», «Тізімі» және «Тізімге» деген сөздер тиісінше «тізбесі», «Тізбе» және «Тізбеге» деген сөздермен ауыстырылсын;
жоғарыда көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
атауындағы «Тізімі» деген сөз «Тізбесі» деген сөзбен ауыстырылсын;
2010 жылы оқитын жастар мен жұмыссыздар үшін ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастыратын кәсіпорындар мен ұйымдардың тізбесі мынадай мазмұндағы № 141-160 жолдармен толықтырылсын:
Р/с № | Кәсіпорындардың, ұйымдардың атауы | Жұмыс түрлері |
141. | «Нұр Отан» ХДП» ҚБ Астана қаласындағы Алматы аудандық филиалы. | Әртүрлі құжаттарды өңдеу жөніндегі техникалық жұмыстарды жүргізуге көмек көрсету. |
142. | «Нұр Отан» ХДП» ҚБ Астана қалалық филиалы. | Қоғамдық науқандарды ұйымдастыру мен өткізуге көмек көрсету, халықпен жұмыстарға қатысу және басқа жұмыстар. Әртүрлі құжаттарды өңдеу жөніндегі техникалық жұмыстарды жүргізуге көмек көрсету. |
143. | Астана қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамту орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны. |