«2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы»
Қызылорда облыстық мәслихатының 2009 жылғы 11 желтоқсандағы № 192 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қызылорда облыстық мәслихатының 2010 жылғы 19 шілдедегі № 245 шешімі
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. «2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2009 жылғы 11 желтоқсандағы № 192 шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4239 нөмірімен тіркелген, облыстық «Сыр бойы» газетінің 2010 жылғы 7 қаңтардағы 3-4 санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
аталған шешімнің 1-қосымшасындағы:
«2. Шығындар» жолындағы:
«Денсаулық сақтау» 5-функционалдық тобындағы:
«Облыстың денсаулық сақтау басқармасы» 253-бюджеттік бағдарлама әкімшісі бойынша:
«Туберкулезден, жұқпалы және психикалық аурулардан және жүйкесі бұзылуынан зардап шегетін адамдарға медициналық көмек көрсету» 009-бағдарламасындағы «3316798» деген сандар «3259187» деген сандармен ауыстырылсын;
«Республикалық бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін медициналық көмекті қоспағанда, халыққа амбулаторлық-емханалық көмек көрсету» 010-бағдарламасындағы «4336155» деген сандар «4393766» деген сандармен ауыстырылсын;