«Қоғамдық сектор үшін Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарын енгізу мәселесі жөнінде жұмыс тобын құру туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы Министрі міндетін атқарушының 2008 жылғы 28 тамыздағы № 426 бұйрығына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2009 жылғы 9 қыркүйектегі № 373 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қоғамдық сектор үшін Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарын енгізу мәселесі жөнінде жұмыс тобын құру туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2008 жылғы 28 тамыздағы № 426 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.
1-тармақта қоғамдық сектор үшін Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарын енгізу мәселесі жөнінде жұмыс тобы жаңа редакцияда жазылсын:
| «Берік Шолпанқұлұлы Шолпанқұлов | - Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі, басшы; |
| Зәйфүн Алтынбекқызы Ерназарова | - Бухгалтерлік есепті, аудиторлық қызметті дамыту департаменті директорының орынбасары, басшы орынбасары; |
| Анар Бақытханқызы Қаймолдинова | - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есепті, аудиторлық қызметті дамыту департаменті Бухгалтерлік есепті және мемлекеттік мекемелердегі қаржылық есеп беруді дамыту басқармасының бастығы, хатшы; |
| Борис Анатольевич Парсегов | - Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) төраға орынбасары (келісім бойынша); |
| Нұрлан Қыдырұлы Тәжібаев | - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі (келісім бойынша); |
| Майраш Сапарбекқызы Қозжанова | - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қаржы департаментінің директоры (келісім бойынша); |
| Татьяна Михайловна Гиринович | - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитеттің Қаржы және материалдық - техникалық қамтамасыз ету департаменті директоры (келісім бойынша); |