Қалалық мәслихаттың 2009 жылғы 22 желтоқсандағы № 27/239
«2010-2012 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Ақтау қалалық мәслихатының 2010 жылғы 27 шілдедегі № 34/304 шешімі
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және облыстық мәслихаттың 2010 жылғы 23 шілдедегі № 26/299 «2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 10 желтоқсандағы № 21/252 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2010 жылдың 30 шілдесінде № 2074 болып тіркелген) шешіміне сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қалалық мәслихаттың 2009 жылғы 22 желтоқсандағы № 27/239 «2010-2012 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11-1-121 болып тіркелген, 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 208-209 «Маңғыстау» газетінде жарияланған), төмендегідей өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
2010 жылға арналған қалалық бюджет 1-қосымшаға сәйкес мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер - 13 801 942 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 8 261 434 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 486 182 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 553 191 мың теңге;
трансферттердің түсімдері бойынша - 4 501 135 мың теңге;
2) шығындар - 13 859 417 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 5 340 теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 5 340 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 0 теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 185 308 мың теңге, соның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 185 308 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - 248 123 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 248 123 мың теңге, соның ішінде:
қарыздар түсімі - 5 340 мың теңге;