«Азаматтық талапты қылмыстық процесте қарау туралы» Қазақтан Республикасы Жоғарғы Сотының 2005 жылғы 20 маусымдағы № 1 нормативтік қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2010 жылғы 25 маусымдағы № 10 Нормативтік қаулысы
Қазақстан Республикасы заңнамасының өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы
қаулы етеді:
1. «Азаматтық талапты қылмыстық процесте қарау туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2005 жылғы 20 маусымдағы № 1 нормативтік қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 3-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізуді жүзеге асыру кезінде азаматтық талап қылмыстық қудалау органына қылмыстың жасалуы туралы арызбен қоса, сондай-ақ қылмыстық процестің келесі сатыларында да, бірақ сот тергеуі басталғанға дейін берілуі мүмкін. Егер азаматтық талап берілмесе, онда сот ҚІЖК-нің 371-бабы бірінші бөлігінің 10) тармағына сәйкес, қылмыс нәтижесінде келтірілген мүліктік зиянның өтелуге жататынын/жатпайтынын үкім шығарған кезде талқылауға міндетті. Аталған мәселе оң шешімін тапқан кезде сот ҚІЖК-нің 169-бабының үшінші бөлігіне сәйкес, егер ол азаматтық сот ісін жүргізу тәртібінде берілсе, талап арызды қанағаттандыруға жәбірленушінің құқығын таниды.»;
2) 27-тармақтың үшінші абзацы мынадай мазмұндағы сөйлемдермен толықтырылсын: