Қазақстан Республикасының азаматтарын халықаралық ұйымдарға жұмысқа жіберуді құқықтық реттеу
мәселесі жөніндегі жұмыс тобын құру туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2010 жылғы 13 тамыздағы № 116-ө Өкімі
(2011.02.02. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының азаматтарын халықаралық ұйымдарға жұмысқа жіберуді құқықтық реттеу мәселесі жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында:
ҚР Примьер-Министрінің 2011.02.02. № 8-ө Өкімімен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:
| Жошыбаев Рәпіл Сейітханұлы | - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы, жетекші |
| Тәжібаев Ерлан Сәдуақасұлы | - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Әкімшілік және бақылау департаменті директорының орынбасары, жетекшінің орынбасары, |
| Әбдіхалықова Ботагөз Фархатқызы | - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Әкімшілік және бақылау департаменті мемлекеттік тіл және құқықтық сараптама басқармасының бастығы, хатшы |
| Әмірханов Асқар Баймерденұлы | - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Терроризмге қарсы орталығы штаб бастығының орынбасары |
| Котлов Андрей Николаевич | - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті заң басқармасының бастығы (келісім бойынша), |
| Қапесов Арман Өнербекұлы | - Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы заң бөлімінің меңгерушісі |
| Рысқұлов Дәулет Алмасұлы | - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Халықаралық ынтымақтастық департаментінің аға прокуроры |
| Әзімова Эльвира Әбілқасымқызы | - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Халықаралық шарттарды сараптау департаментінің директоры |
| Жиенбаева Маржан Құтыбайқызы | - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызметті құқықтық қамтамасыз ету департаменті директорының орынбасары (келісім бойынша), |