Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ЖОҒАРҒЫ СОТЫ ПЛЕНУМЫНЫҢ 2000.28.04 № 2 ҚАУЛЫСЫ

Информация о документе
Датапонедельник, 1 января 0001
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 1 января 0001

Қадағалау сатысындағы қылмыстық iстер жөнiндегі өндiрiстiң тәртібі туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 2000 жылғы 28 сәуірдегі № 2 Қаулысы

 

Осы редакция 2010 жылғы 25 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Сот тәжiрибесiнде туындаған мәселелерге байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Пленумы қаулы етедi:

1. ҚIЖК-нiң 50-тарауына сәйкес бiрiншi, апелляциялық, кассациялық және қадағалау сатыларындағы соттардың күшiне енген және сот өндiрiсiн қысқарту туралы үкiмдерi мен қаулылары шағымдалуға (наразылық келтiрiлуге) және қайта қаралуға жататыны түсiндiрiлсiн. Бiрiншi сатыдағы соттың үкімі, қаулысы, егер оларға кассациялық тәртiпте шағым, наразылық келтiрiлмесе, кассациялық (жеке) шағым, наразылық беруге заңмен белгiленген мерзiм өткеннен кейiн заңды күшiне енедi. Егер iстi тиiстi кассациялық сатыда қараған кезде үкiм, қаулы бұзылмаса, онда олар кассациялық қаулы шыққан күнi заңды күшiне енедi. ҚIЖК-нiң 402-бап 3-бөлiгiне сәйкес кассациялық (жеке) шағым (наразылық) керi қайтарылған жағдайда, кассациялық саты iс жөніндегі кассациялық өндiрiстi қысқарту туралы қаулы шығарған күннен бастап үкiм, қаулы заңды күшiне енедi.

2. Соттар қорытынды, заңды күшiне енген, орындалуда жатқан немесе орындалған, iстi маңызы бойынша шешетiн түпкiлiктi, iс бойынша өндiрiс бастауға немесе жалғастыруға жол бермейтiн шешiмдi қабылдаған бiрiншi, апелляциялық, кассациялық және қадағалау сатыларындағы соттардың қаулылары қадағалау тәртібінде қайта қаралуы мүмкiн екенiн ескергенi жөн. Сондай-ақ бiрiншi, кассациялық және қадағалау сатыларындағы соттардың жеке қаулылары қадағалау тәртібінде шағымдалуы мүмкiн.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами