Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Имашев трансшекаралық
газ конденсаты кен орнын геологиялық зерделеу және барлау жөніндегі бірлескен қызмет туралы
келісім
(Өскемен қ., 2010 жылғы 7 қыркүйекте)
(2013.11.11. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметі 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 1346 Қаулысымен бекітілді
2011 жылғы 17 қаңтарда күшіне енді
Бұдан әрі «Тараптар» деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі,
2005 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасындағы Қазақстан - Ресей мемлекеттік шекарасы туралы шарттың 7-бабын негізге алып және 2001 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Газ саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді, 1994 жылғы 28 наурыздағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы экономикалық ынтымақтастық пен ықпалдастықты одан әрі тереңдету туралы шартты, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы үкіметтерінің басшылары кеңесінің 2004 жылғы 15 қыркүйектегі шешімімен бекітілген Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің өңіраралық және шекара маңы ынтымақтастығы тұжырымдамасын басшылыққа ала отырып,
Қазақстан Республикасының аумағындағы Атырау облысының Құрманғазы ауданындағы Атырау қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 250 км жерде және Ресей Федерациясының аумағындағы Астрахань қаласынан шығыс-солтүстік-шығысқа қарай 60 км жерде орналасқан Имашев трансшекаралық газ конденсаты кен орнын (бұдан әрі - Имашев кен орны) бірлесіп геологиялық зерделеу және барлау мақсатында,
төмендегілер туралы келісті:
2013 ж. 11 қарашадағы Хаттамамен 1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
1-бап
Терминдер мен анықтамалар
Осы Келісімде қолданылатын терминдер мен анықтамалар мынаны білдіреді: