ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылдың 18 мамырдағы № 362 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрінің м.а.
2010 жылғы 3 тамыздағы
№ 586 бұйрығына
2-қосымша
«Азаматтық авиацияның авиациялық-техникалық базаларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»
санитариялық ережесі
1. Жалпы ереже
1. Санитариялық ереже «Азаматтық авиацияның авиациялық-техникалық базаларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» авиационно-техникалық базалардың аумағына, сумен жабдықталуына, кәріздеуге, жылытуға, желдетуге, жарықтандыруға, бөлмелерін жабдықтауға және жұмысшылардың жұмыс орнына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды, жобаланатын, салынатын, реконструкцияланатын және пайдаланылатын азаматтық авиацияның авиациялық-техникалық базаларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді.
2. Осы санитариялық ережелерде мынадай анықтамалар пайдаланылған:
1) авиациялық-техникалық базалар - техникалық қызмет көрсету, ағымдағы жөндеу, әуе кемелерінің құрылымдарын жетілдіру, технологиялық жабдықты және құралдарды жөндеу, ұшу ақпаратын жинау және мағынасын ашу бойынша жұмыстар кешенін орындауға арналған ұйымдар;
2) сіңіру сүзгілері - газды немесе сұйықтық ортаның заттарын сіңіруге қабілетті материалдардан дайындалған сүзгілер;
3) ангар - ұшақтар мен тік ұшақтарды сақтауға, оларға техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге арналған құрылыстар;
4) жетілдіру жұмыстары - техникалық жағдайларға сәйкес қандай-да бір агрегатты, бұйымды жұмыс жағдайына келтіру бойынша қорытынды жұмыс;
5) герметикалар - болт, шеге және басқа да қосылыстарға, олардың су өткізбеуін қамтамасыз ету мақсатында түсірілетін полимерлер негізіндегі композициялар;
6) бөлшектерді жаңғақ-құм қосылған су ағынымен тазалау - бөлшектерді лакты бояу жабынынан, тоттан құм және жаңғақ қабығын қолдана отырып тазалау;
7) трассировка - электр сымдарының монтаждау сызбасы.