ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылдың 18 мамырдағы № 362 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрдің
міндетін атқарушының
2010 жылғы 3 тамыздағы
№ 588 бұйрығына
1-Қосымша
Осы санитарлық ереженің егемен қазақстан газетіндегі мәтінін қара
«Тамақ өнімін қайта өңдеу және өндіру бойынша объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесі
1. Жалпы ережелер
1. «Тамақ өнімдерін қайта өңдеу және өндіру бойынша объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық ережесі (бұдан әрі - санитариялық ереже) тамақ өнімдерін қайта өңдеу және өндіру бойынша объектілердің (бұдан әрі - объекті) қызметіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді, оларды сақтамау адамның өмірі мен денсаулығына, сондай-ақ аурулардың пайда болуы мен таралуына қауіп төндіреді және мыналарға:
1) құрылысқа жер учаскесін таңдауға;
2) объектіні жобалауға, салуға, реконструкциялауға, жөндеуге және пайдалануға енгізуге;
3) объектіні сумен жабдықтауға, кәріздеуге, жарықтандыруға және желдетуге;
4) өндірістік үй-жайлардың ауасына және микроклиматына;
5) үй-жайларды, жабдықтарды күтіп-ұстауға және пайдалануға;
6) тамақ өнімдерін өндіру, тасымалдау, сақтау, өлшеп орау, кәдеге жарату және жою жағдайларына;
7) тамақ өнімдерін йодтауға және байытуға;
8) шикізаттарды сақтауға және қайта өңдеуге;
9) жүктерді тасымалдау және сақтау жағдайларына;
10) өнімдердің радиациялық, химиялық, микробиологиялық, токсикологиялық, паразитологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, соның ішінде оның құрамында генетикалық түрлендірілген объектілердің бар болуын өндірістік бақылауды ұйымдастыруға;
11) өндіріс қалдықтарын жинауға, пайдалануға, зарарсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге;
12) жұмыс істеушілердің еңбек, тұрмыстық қызмет көрсету, медициналық қамтамасыз етілу жағдайларына;