ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылдың 18 мамырдағы № 362 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрінің
2010 жылғы 29 шілдедегі
№ 561 бұйрығына 1-қосымша
«Мұнай өндіретін өнеркәсіп объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»
санитариялық ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Мұнай өндіретін өнеркәсіп объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесі (бұдан әрі - санитарлық ереже) мұнай өндіретін өнеркәсіп объектілерін жобалауға, күтіп-ұстауға, объектілердегі жабдыққа, санитариялық-тұрмыстық үй-жайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді.
2. Гигиеналық критерийлер бойынша мұнай өндіретін объектілерге мынадай негізгі өндірістер мен жұмыс түрлері жатады:
1) мұнаралық құрылыстар (бұрғылау қондырғыларының құрылысы);
2) барлау жүргізетін және пайдаланатын мұнай ұңғымаларын бұрғылау;
3) мұнай кен орындарын пайдалану (өндіру, мұнайды алғашқы және кешенді дайындау, қосымша газды өндіру);
4) ұңғымаларды күрделі және ағымдық жөндеу;
5) ұңғымаларды сынақтан өткізу және игеру;
6) тығындау жұмыстары.
3. Осы санитариялық ережеде мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылды:
1) мұнай өндіретін өнеркәсіп объектілері - мұнай және мұнайгаз кен орындарына барлау және әзірлеу, көмірсутегі шикізаттарын өндіру бойынша мұнай операцияларын жүзеге асыратын өнеркәсіп саласы;
2) құрғақ климат - ауаның жоғарғы температурасы қалыптасқан және атмосфералық жауын-шашын аз түсетін құрғақ климат;
3) атмосфераның жерге жақын қабаты - жердің бетінен бірнеше он метрлік биіктіктегі атмосфераның шекаралық қабатының бөлігі;
4) өнім беретін қабаттар - мұнай және газды түзілімдер.
2. Мұнай өнеркәсібі объектілерін жобалауға және күтіп-ұстауға қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар