ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылдың 18 мамырдағы № 362 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрінің
2010 жылғы 29 шілдедегі
№ 561 бұйрығына 2-қосымша
«Жүзбелі бұрғылау қондырғыларын күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»
санитариялық ережесі
1. Жалпы ереже
1. Осы «Жүзбелі бұрғылау қондырғыларын күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесі (бұдан әрі - санитариялық ереже) жүзбелі бұрғылау қондырғыларын жобалауға, құрылысына, пайдалануға және күтіп-ұстауға, технологиялық процесіне, сумен жабдықтауға, кәріздеуге, жарықтандыруға және желдетуге, физикалық факторлар көздерімен жұмыс істеу жағдайларына, тұрмыстық қызмет көрсетуге, медициналық қамтамасыз етуге және қоғамдық тамақтануды ұйымдастыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді.
2. Осы санитариялық ережеде мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылды:
1) жүзбелі бұрғылау қондырғысы (бұдан әрі - ЖБҚ) - теңіз түбіндегі жерасты ресурстарын барлау және (немесе) өндіру бойынша бұрғылау жұмыстарын орындауға арналған кеме (жүзбелі құрылыс);
2) жүзу ауданы шектелмеген бұрғылау кемесі - тіркелу портынан шектелмеген қашықтықтағы жүзетін кеме;
3) комингс - кеменің палубасындағы саңылуына таңба салу;
4) коффердам - кемедегі тар, газ өткізбейтін бөлік;
5) вахтаның ұзақтығы - жүзбелі бұрғылау қондырғының бортында болу уақытының ұзақтығы;
6) фидер - кабелмен немесе ауа арқылы берілетін тарату электр желісі;
7) форпик - кеменің шеткі тұмсығындағы бөлігі;
8) футшток - ашық су қоймасындағы судың деңгейін бақылауға арналған бөліктері бар тақтайша;
9) шпигат - кеменің палубасындағы суды борттың сыртына шығаруға арналған саңылау.
2. Жобалауға, құрылысына және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар