ҚР Әділет министрінің 2012.24.02. № 84 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің м.а.
2010 жылғы 23 сәуірдегі
№ 136 бұйрығына
7-қосымша
Өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалануға арналған
лицензиялық, сублицензиялық шарттарды тіркеу жөніндегі
нұсқаулық
1. Жалпы ережелер
1. Осы Нұсқаулық 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Патент заңының 14-бабының 1-4-тармақтарына және 1999 жылғы 26 шілдедегі «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 2, 3-тармақтарына, 1999 жылғы 13 шілдедегі «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18, 19, 20-баптарына, 2001 жылғы 29 маусымдағы «Интегралды микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес әзірленді және өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалануға арналған лицензиялық шарттарды және сублицензиялық шарттарды тіркеудің процедурасын нақтылайды.
2. Осы Нұсқаулықта келесі негізгі ұғымдар мен терминдер пайдаланылады:
1) өнеркәсіптік меншік объектілері - өнертабыстар, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік үлгілер, тауар таңбалары немесе қызмет көрсету таңбалары, селекциялық жетістіктер, интегралдық микросхемалар топологиясы;
2) қорғау құжаттары - өнертабысқа алдын ала патент (2007 жылғы 2 наурыздағы № 237 «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданғанға дейін берілген), өнертабысқа, өнеркәсіптік үлгіге, пайдалы модельге, селекциялық жетістікке патент; инновациялық патент; тауар таңбасына немесе қызмет көрсету таңбасына, интегралдық микросхемалар топологиясына куәлік;
3) лицензиар - қорғалатын өнеркәсіптік меншік объектісіне ерекше құқығы бар және оны басқа тұлғаларға пайдалану құқығын беретін лицензиялық шарттың тарабы;