Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрінің
2010 жылғы 27 тамыздағы
№ 539 бұйрығымен мақұлданды
Жоба
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Ресей Федерациясы
Табиғи ресурстар және экология министрлігі арасындағы Еділ-Жайық киіктер үйірін (Saiga tatarica tatarica)
қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөніндегі
келісім
Бұдан әрі Тараптар болып аталатын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Ресей Федерациясы Табиғи ресурстар және экология министрлігі,
Тараптар мемлекеттерінің арасында қалыптасқан достық қатынастарды және жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және орнықты пайдалану саласындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мен тереңдету мүдделерін басшылыққа ала отырып,
адамдардың әрбір ұрпағы болашақ ұрпақтар үшін табиғи ресурстардың сақтаушысы болып табылатынын және биологиялық әртүрлілікті сақтауды қамтамасыз етуге міндетті екенін сезіне отырып,
жер бетіндегі фаунаның тым ерте замандардағы өкілдерінің бірі киік дала мен жартылай шөлейт жерлердің биоценоздарында маңызды буын болып табылатынын, кәсіпшілік және ғылыми құндылығы бар екенін және оның саны соңғы жылдары едәуір қысқарып кеткенін мойындай отырып,
киіктің қоныс аударатын жануар екенін және киіктің Еділ-Жайық үйірінің (кіші таралымының) таралу аймағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының мемлекеттік шекараларына іргелес аумақты қамтитынын назарға ала отырып,
киіктің Еділ-Жайық үйірінің (кіші таралымының) жай-күйін бағалау, киіктерді қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөнінде практикалық іс-шаралар әзірлеу және өткізу Тараптардың ынтымақтастық жасауы жағдайында неғұрлым тиімді жүргізілуі мүмкін екенін мойындай отырып,
мына төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Тараптар киіктің Еділ-Жайық үйірінің мониторингі, оны қорғау және пайдалану жөнінде іс-шаралар кешенін әзірлейді және оны өткізуді келіседі.