«2010-2012 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы»
облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 10 желтоқсандағы № 21/252 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Маңғыстау облыстық мәслихатының 2010 жылғы 6 қазандағы № 27/323 шешімі
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және 2010 жылғы 6 қазандағы № 342-IV «2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдарына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. «2010 - 2012 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 10 желтоқсандағы № 21/252 шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2061 болып тіркелген, «Маңғыстау» газетінің 2009 жылғы 26 желтоқсандағы № 206-207 санында жарияланған) мына өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
2010 жылға арналған облыстық бюджет 1-қосымшаға сәйкес мына көлемде бекітілсін:
1) кірістер - 64 634 504 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 26 501 674 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 2 624 763 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 1 391 мың теңге;
трансферттердің түсімдері бойынша - 35 506 676 мың теңге;
2) шығындар - 64 404 524 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 771 553 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 1 304 714 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 533 161 мың теңге.
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 434 162 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 435 181 мың теңге,
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 1 019 мың теңге.
5) бюджет тапшылығы (профициті) - 975 735 мың теңге.
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 975 735 мың теңге.
2-тармақта:
1) тармақшада:
мына жолдағы:
«Бейнеу ауданына» «84,0» сандары «91,9» сандарымен ауыстырылсын;
«Қарақия ауданына» «41,8» сандары «55,4» сандарымен ауыстырылсын;
«Ақтау қаласына» «9,8» сандары «12,0» сандарымен ауыстырылсын;