Жоба
Қазақстан Республикасының
Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет процесінде мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдар құзыретінің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қабылданды - ҚР 2011 жылғы 24 қарашадағы № 495-ІV Заңын қараңыз
ҚР Заңының жобасы ҚР Үкіметінің 2010.20.10. № 1085 Қаулысымен ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілді
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7,29, 32-құжаттар):
1) 3-бапта:
мынадай мазмұндағы 12-1), 12-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«12-1) бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган - тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында бюджеттік жоспарлау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган;
12-2) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган - бюджеттік жоспарлау саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;»;
30) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«30) инвестициялық ұсыныс - одан әрі әзірлеу және түзету, сондай-ақ бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесінің қажетті сараптамаларын жүргізу мақсатында бюджеттік бағдарламалар әкімшілері дайындайтын тиісті іс-шаралар жиынтығын қоса алғанда, мақсаты, оларға қол жеткізу жолдары көрсетілетін бюджеттік инвестициялық жобаның тұжырымдамасы;»;
мынадай мазмұндағы 30-1), 30-2), 30-3), 30-4), 30-5) тармақшалармен толықтырылсын:
«30-1) инвестициялық ұсынысқа экономикалық қорытынды - бюджеттік инвестициялық жобаны іске асырудың экономикалық орындылығы, жоба мақсаттарының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарда белгіленген экономиканың саласын (аясын) дамыту басымдықтарына сәйкес келуі мәніне мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның қорытындысы;