Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзара сақтандыру қоғамдары қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2010 жылғы 1 наурыздағы № 22 қаулысы
Осы редакция 2010 жылғы 3 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті және өзара сақтандыру, салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 30 желтоқсандағы Заңы қабылдануына байланысты, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Агенттік Басқармасының «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің есеп беру ережесін бекіту туралы» 2004 жылғы 24 қарашадағы № 329 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3348 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының және сақтандыру брокерлерінің есеп беру ережесінде:
барлық мәтін бойынша «Сақтандыру ұйымдары», «сақтандыру ұйымы», «сақтандыру ұйымында», «Сақтандыру ұйымы», «сақтандыру ұйымының», «сақтандыру ұйымдары» деген сөздер тиісінше «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары», «сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы», «сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында», «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы», «сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының», «сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақтағы «, «Өзара сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына» деген сөздер алынып тасталсын;
2-тармақатағы «, оның ішінде өзара сақтандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын» деген сөздер «және» деген сөзбен ауыстырылсын;
4-1-тармақ алынып тасталсын.