Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы 21 қазандағы № 398 бұйрығына
өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрінің
2010 жылғы 15 желтоқсандағы № 438 бұйрығы
«Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 Жарлығын іске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінде іс қағаздарын жүргізу және құжаттардың орындалуын бақылау бойынша нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы 2 қазандағы № 398 бұйрығына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінде іс қағаздарын жүргізу және құжаттардың орындалуын бақылау бойынша нұсқаулықта:
мынадай мазмұндағы 79-1-тармақпен толықтырылсын:
«79-1 Қажет болған жағдайда Министрдің бұйрығымен Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларын іске асыру жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының жоспары бекітіледі.»;
мынадай мазмұндағы 80-1, 80-2, 80-3, 80-4, 80-5, 80-6, 80-7, 80-8, 80-9 тармақтармен толықтырылсын:
«80-1. Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларын бақылау объектілері мыналар болып табылады:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің актілері не актілерінің тармақтары;
2) халықаралық іс-шаралар мен өңірлік сапарлардың қорытындылары бойынша берген Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмалары не тапсырмаларының тармақтары;
3) Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өтетін кеңестердің, отырыстардың және қоғамдық маңызы бар іс-шаралардың хаттамаларында қамтылған тапсырмалар не тапсырмалардың тармақтары;