2002 жылғы 7 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Жарғысына өзгерістер енгізу туралы
хаттама
(Мәскеу., 2010 жылғы 10 желтоқсанда)
ҚР 2011 жылғы 28 қарашадағы № 499-ІV Заңымен ратификацияланды
2012 ж. 19 желтоқсанда күшіне енді
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттер,
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (бұдан әрі - Ұйым) қызметінің тиімділігін арттыруға ниеттене отырып,
халықаралық, сыртқы саяси, әскери, әскери-техникалық (әскери-экономикалық), құқықтық және өзге де қызмет салаларындағы, сондай-ақ Ұйым шеңберінде жүзеге асырылатын жаңа қыр көрсетулер мен қауіп-қатерлеге қарсы бірлесіп әрекет ету саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ұмытыла отырып,
2002 жылғы 7 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Жарғысының (бұдан әрі - Жарғы) 27-бабына сәйкес,
төмендегілер туралы келісті:
1. Жарғыға мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) 1-бапта «бекітеді (бұдан әрі - Ұйым)» деген сөздер «(ҰҚШҰ) бекітеді, бұдан әрі - Ұйым деп аталады» деген сөздермен ауыстырылсын;
б) 7-бапта бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: