Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасында банктерді мәжбүрлеп тарату ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы № 40 қаулысына толықтырулар мен өзгерту енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 6 қарашадағы № 166 қаулысы (күші жойылды)

Информация о документе
Датасуббота, 6 ноября 2010
Статус
Утратил силу
утратил силу с 18 декабря 2020

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының
«Қазақстан Республикасында банктерді мәжбүрлеп тарату ережесін бекіту туралы»
 2006 жылғы 25 ақпандағы № 40 қаулысына толықтырулар мен өзгерту енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының
2010 жылғы 6 қарашадағы № 166 қаулысы

 

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 30 қарашадағы № 114 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасында мәжбүрлеп таратылатын банктердің тарату комиссияларының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Агенттік Басқармасының «Қазақстан Республикасында банктерді мәжбүрлеп тарату ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы № 40 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4181 тіркелген, 2006 жылғы маусымда Қазақстан Республикасының орталық атқару және өзге мемлекеттік органдарының актілер Бюллетенінде жарияланған, № 9-10, 219 құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерту енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында банктерді еріксіз тарату ережесінде:

мынадай мазмұндағы 84-1, 84-2, 84-3, 84-4, 84-5, 84-6-тармақтармен толықтырылсын:

«84-1. Мүлікті осы Ережеде белгіленген тәртіппен сатқанға дейін, тарату комиссиясы тарату шығыстарын барынша азайту мақсатында таратылатын банктің мүлкін, оның ішінде тарату комиссиясымен атқарушылық іс жүргізу шегінде сот актілері бойынша қабылданғандарды, сондай-ақ банкке келтірілген зиянды өтеу есебінен алынғандарды және белгіленген тәртіппен тіркелгендерді жалға беруді таратылатын банктің кредиторлар комитетімен келісу бойынша жүзеге асырады.

Мүлікті жалға беруден алынған ақша тарату массасына жіберіледі.

Мүлікті жалға беру тарату комиссиясының оны сату бойынша іс-шараларды жүзеге асыруын тоқтата тұрмайды.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами