Введите номер документа
Прайс-лист

Автомобиль жолдарын пайдаланушылар аударымдары бойынша салық есептілігін (есебін) жасау ережесі (641.00-нысан) (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 20 желтоқсандағы № 644 бұйрығымен бекітілген) (күші жойылды)

Информация о документе
Датапонедельник, 20 декабря 2010
Статус
Утратил силу
утратил силу с 16 февраля 2012

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің 2010 жылғы

20 желтоқсандағы № 644 бұйрығымен

 бекітілген

 

Автомобиль жолдарын пайдаланушылар аударымдары

 бойынша есебін (641.00-нысан) қосымша

 

ҚР Қаржы министрінің 2012 жылғы 12 қаңтардағы № 15 бұйрығымен 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап күші жойылды

 

Автомобиль жолдарын пайдаланушылар аударымдары бойынша салық есептілігін (есебін) жасау
 ережесі
(641.00-нысан)
 
 
1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасымен салық режимі тұрақтылығына кепілдік берілген заңдармен белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасымен жасалған келісім-шарттар бойынша (бұдан әрі - келісім-шарттар) жұмыс істейтін салық төлеушілермен автомобиль жолдарын пайдаланушылар аударымдары есебін жасау (бұдан әрі - Есеп) тәртібін анықтайды.

2. Есепті жасау кезінде:

1) қағаз тасығышта - қалам немесе қаламұшпен, қара немесе көк сиямен, баспа әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;

2) электрондық тасығышта - Салық кодексінің 69-бабына сәйкес толтырылады.

3. Есепті толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.

4. Көрсеткіштер болмаған кезде тиісті торкөздер толтырылмайды.

5. Соманың теріс мәні тиісті жолдың (бағанның) бірінші сол тор көзінде « - » белгісімен көрсетіледі.

6. Есепті беру кезінде:

1) қағаз тасығышта келу тәртібімен екі данада жасалады, бір данасы салық органының белгісімен салық төлеушіге қайтарылады;

2) хабарламамен тапсырысты хатпен почта бойынша - салық төлеуші почта немесе байланыстың өзге ұйымының хабарламасын алады;

3) электронды түрде - салық төлеуші (салық агенті) салық есептілігінің салық қызметі органдарының салық есептілігін қабылдау жүйесімен қабылданғандығы немесе қабылданбағандығы туралы хабарлама алады.

7. Есепке Салық кодексінің 69-бабына сәйкес қол қойылады және куәландырылады.

8. Қосымшалардың «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімдерінде Есептің «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде көрсетілген тиісті мәліметтері көрсетіледі.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом