Тарифтік саясат негіздерін коса алғанда, темір жол көлігінің қызметтеріне қол жеткізуді реттеу туралы
келісім
(Мәскеу қ., 2010 жылғы 9 желтоқсанда)
Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың күшіне енуіне байланысты қолданылуы тоқтатылды
ҚР 2011 жылғы 28 маусымдағы № 446-IV Заңымен ратификацияланды
2012 жылғы 1 қаңтарда күшіне енді
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Беларусь Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Үкіметі және Ресей Федерациясының Үкіметі,
1995 жылғы 6 қаңтардағы Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасы арасындағы Кеден одағы туралы келісімді, 1995 жылғы 20 қаңтардағы Кеден одағы туралы келісімді, 1999 жылғы 26 ақпандағы Кеден одағы және Біртұтас экономикалық кеңістік туралы шартты, 20___ жылғы «__»__________ Бәсекелестіктің бірыңғай принциптері мен қағидалары туралы келісімді, 20___ жылғы «___»____________ Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің бірыңғай принциптері мен қағидалары туралы келісімді негізге ала отырып, өзара тиімді экономикалық қатынастарды одан әрі дамытуға жәрдемдесе отырып,
Тараптар мемлекеттерінің темір жол көлігінің қызметтеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету қажеттігін және осы қызметтерге арналған тарифтерді мемлекеттік реттеуге келісілген тәсілдерді тани отырып,
бірыңғай көлік кеңістігі шеңберінде көлік қызметтерінің жалпы нарығын қалыптастыру мақсатында,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Келісімнің мақсаты
Осы Келісімнің мақсаты:
Тараптар мемлекеттерінің аумағы арқылы тасымалдарды жүзеге асыру кезінде темір жол көлігінің қызметтеріне тұтынушылардың қолайлылығы өз мемлекетінің тұтынушыларына арналғаннан кем емес шарттарда қол жеткізуін қамтамасыз ету;
тұтынушылар мен Тараптардың темір жол көлігі ұйымдары арасында экономикалық мүдделер балансын сақтау;
бір мемлекеттің темір жол көлігі ұйымдарының Тараптардың екінші мемлекетінің ішкі нарығына қол жеткізуі үшін жағдайларды қамтамасыз ету болып табылады.
2-бап
Келісімде пайдаланылатын терминдердің анықтамалары
Келісімнің мақсаттары үшін мынадай негізгі терминдер пайдаланылады: