«Кассалық операциялар жүргізу, мемлекеттік мекемелердің кассаларындағы және карт-шоттарындағы қолма-қол ақша
қалдығының лимитін анықтау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің м.а.
2009 жылғы 6 тамыздағы № 331 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 28 желтоқсандағы № 665 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2015 жылғы 20 қарашадағы № 577 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Кассалық операциялар жүргізу, мемлекеттік мекемелердің кассаларындағы және карт-шоттарындағы қолма-қол ақша қалдығының лимитін анықтау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің м.а. 2009 жылғы 6 тамыздағы № 331 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5760 болып тіркелген, «Юридическая газета» газетінде 2009 жылғы 11 қыркүйектегі, № 138 (1735); «Заң газетінде» 2009 жылғы 11 қыркүйектегі № 138 (1561), Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы, № 10, 2009 жылы жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
бұйрықтың атауында «карт-шоттарындағы» деген сөз «ағымдағы шотындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кассалық операциялар жүргізу, мемлекеттік мекемелердің кассаларындағы және карт-шоттарындағы қолма-қол ақша қалдығының лимитін анықтау ережесінде:
атауында және барлық мәтіні бойынша «карт-шоттарындағы», «карт-шот» деген сөздер «ағымдағы шотындағы» «ағымдағы шот» деген сөздермен ауыстырылсын;
жоғарыда көрсетілген бұйрықтың 1-қосымшасында:
атауындағы «лимитінің» деген сөз «шығындарын» деген сөзбен ауыстырылсын;
6-бағандағы «Шектеулер қою» деген сөздер «Шығындар тізбесі» деген сөздермен ауыстырылсын;
7-баған алынып тасталсын:
111 «Еңбекақы» ерекшелігі бойынша:
6-баған мынадай редакцияда жазылсын:
«Әскери қызметшілердің лауазымдық еңбекақысы»;
113 «Өтемақы төлемдері» ерекшелігі бойынша:
6-баған мынадай редакцияда жазылсын: