Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 3 наурыздағы № 170 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1529 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің 2010 - 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 3 наурыздағы № 170 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 22-23, 170-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің 2010 - 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:
«Қазғарыш қызметінің стратегиялық бағыттары, мақсаттары мен міндеттері» деген 3-бөлімде:
«Қазғарыш қызметінің стратегиялық бағыттары, қызметін дамытудың стратегиялық мақсаттары және негізгі индикаторлары» деген кестеде:
«Мақсатты ғарыш жүйелерін, технологияларын жасау және оларды пайдалану» деген 1-стратегиялық бағытта:
«Спутниктік байланыс, сандық теле- және радиохабар таратудың ішкі және сыртқы тұтынушыларының сұранысын қанағаттандыру» деген 1.1-мақсат мынадай редакцияда жазылсын:
«
1.1-мақсат Спутниктік байланыс, сандық теле- және радиохабар таратудың ішкі және сыртқы тұтынушыларының сұранысын қанағаттандыру | Мақсатты индикатор: | Есепті кезең | Жоспарлы кезең |
2008 жыл | 2009 жыл | 2010 жыл | 2011 жыл | 2012 жыл | 2013 жыл | 2014 жыл |
ЖҚҚ өсуі, млрд. теңге | | | | | | | 85 |
Экспорттың өсуі, млрд. теңге | | | | | | | 15 |
Тіркелген спутниктік байланыс арналарында еліміздің қажеттілігін қанағаттандыру дәрежесі, % | - | - | - | 30 | 50 | 80 | 80 |
Қазақстандық операторлардың халықаралық операторлардан спутниктік байланыс арналарын жалға алуына арналған шығыстарды қысқарту, % | - | - | - | 25 | 25 | 25 | 25 |