ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министірінің 2016 жылғы 27 сәуірдегі № 332 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушы
2011 жылғы 5 қаңтардағы
№ 8 бұйрығына
1 қосымша
Ересектерде АИТВ-инфекциясын және ЖИТС-ты диагностикалау және емдеу
хаттамасы
Хаттама коды:
АХЖ-10 бойынша коды (кодтары):
В20 Инфекциялық және паразитарлық аурулар түрінде байқалатын, адамның иммунтапшылығы вирусымен (АИТВ) туындайтын ауру;
В21 Қатерлі ісіктер түрінде байқалатын, адамның иммунтапшылығы вирусымен (АИТВ) туындайтын ауру;
В22 Басқалай анықталған аурулар түрінде байқалатын, адамның иммунтапшылығы вирусымен (АИТВ) туындайтын ауру;
В23 Басқалай ахуалдар түрінде байқалатын, адамның иммунтапшылығы вирусымен (АИТВ) туындайтын ауру;
В24 Анықталмаған, адамның иммунтапшылығы вирусымен (АИТВ) туындайтын ауру.
Анықтама: АИТВ-инфекциясы - адамның иммунтапшылығы вирусының (бұдан әрі - АИТВ) лимфоциттерінде, макрофагтарында және нерв жасушаларының тінінде көп жылдар бойы персистелу нәтижесінде өрбитін, иммундық жүйені біртіндеп зақымдап үдеуімен сипатталатын жұқпалы ауру, адамды екінші зақымдалудан кейін өлімге апаратын, жұқтырылған иммунтапшылығы синдромы (бұдан әрі - ЖИТС) ретінде сипатталады.
Жіктемесі: тіркелген оппортунистік инфекцияларға (бұдан әрі - ОИ), басқа және иммунотапшылыққа байланысты екінші қайтара туындаған ауруларға негізделген Қазақстанның жағдайларына бейімделген, АИТВ инфекциясы сатысының ДДҰ белгіленген клиникалық жіктемесі, 2006 жылғы версиясы.
Жіті АИТВ-инфекциясы.
Жіті қызба сатысы (жіті ретровирустық синдром)
1-клиникалық саты
Симптомсыз ағым
Персисттенциялы генерализацияланған лимфоаденопатия
2-клиникалық саты
Себорея дерматиті
Бұрыштық хейлит
Сілемейлі ауыздың қайтала беретін ойық жарасы (соңғы 6 айдың ішінде екі немесе бірнеше есе рет)
Құрсау теміретке (бір дерматоманың шегіндегі көлемді бөртпе)
Тыныс жолдарының қайталама инфекциясы (кез келген 6 айдағы синуситтің, орташа отиттің, бронхиттің, фарингиттің немесе трахеиттің екі немесе одан да көп жағдайы)
Онихомикоздар
Бастапқысынан дене салмағын кемінде 10%-ға жоғалту
3-клиникалық саты
Салмақтың түсініксіз жоғалту (6 айдың ішінде 10%-дан аса)