Введите номер документа
Прайс-лист

«Несие беретін серіктестіктен оның қатысушысы немесе оның заңды өкілі ғана несие ала алады» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі қадағалау сот алқасының 2010 жылғы 3 қарашадағы № 3гп-351-10 Қаулысынан үзінді

Информация о документе
Датасреда, 3 ноября 2010
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениясреда, 3 ноября 2010

Несие беретін серіктестіктен оның қатысушысы немесе оның заңды өкілі ғана несие ала алады
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі қадағалау
сот алқасының 2010 жылғы 3 қарашадағы № 3гп-351-10 Қаулысынан үзінді

 

С. жеке кәсіпкерлікпен шұғылдану мақсатымен 2008 жылы мамырда «Несиелік серіктестігі» ЖШС-на (бұдан әрі - ЖШС) 756 000 теңге тапсырып, ЖШС басқармасының төрағасы Т.-дан қолхат алған. 2008 жылы тамызда Т. кенеттен қайтыс болған. 2008 жылғы 31 қазанда С. ЖШС-ның жаңа басшысына аталған қолхатты ұсынып, ақшасын қайтарып беруді сұраған, бірақ оның талабы жауапсыз қалған. Осыған байланысты С. жауапкер ЖШС-нан 756 000 теңге және сот шығындарын өндіруді сұрап, сотқа талап арыз берген.

Жауапкер қарсы талап арыз беріп, ЖШС-ның кассасына аталған сомада қаржы түспегенін, қолхатта ақшаның не үшін қабылданғаны анықталмағанын көрсеткен.

Жаңарқа аудандық сотының шешімімен С.-ның талабын қанағаттандырудан бас тартылып, ЖШС-ның қарсы талап арызы қанағаттандырылған.

Қарағанды облыстық соты азаматтық істер жөніндегі алқасының қаулысымен аудандық соттың шешімінің күші жойылып, С.-ның талабын қанағаттандыру, оның пайдасына ЖШС-дан 756 000 теңге өндіру туралы жаңа шешім қабылданған. ЖШС-ның қарсы талап арызы қанағаттандырусыз қалдырылған.

ЖШС қолхатты жарамсыз деп тану, апелляциялық сатыдағы соттың қаулысының күшін жою, бірінші сатыдағы соттың шешімін күшінде қалдыру туралы Жоғарғы Соттың қадағалау сот алқасына өтініш берген.

ЖШС-ның өкілінің өтініш уәждерін қолдаған пікірін, прокурордың өтінішті қанағаттандыру туралы қорытындысын тыңдап, іс материалдарын зерттеп, қадағалау сот алқасы төмендегідей тұжырым жасады.

АІЖК-нің 387-бабына сәйкес, заңды күшіне енген сот актілерін қадағалау тәртібімен қайта қарауға материалдық немесе іс жүргізу құқығы нормаларының елеулі түрде бұзылуы негіз болып табылады.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами