«Петропавл қаласының кәсіпорындары мен ұйымдарында ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы»
Петропавл қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 19 ақпандағы № 182 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2011 жылғы 16 наурыздағы № 353 Қаулысы
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық әкімдігінің 2013 жылғы 11 қыркүйектегі № 1669 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабы 2-тармағына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңының 28-бабына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы № 107 Заңының 8-бабы 3-тармағына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Петропавл қаласының кәсіпорындары мен ұйымдарында ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» Петропавл қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 19 ақпандағы № 182 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде 2010 жылғы 24 ақпандағы тіркелген № 13-1-173, «Қызылжар нұры» газетінің 2010 жылғы 26 ақпандағы № 11, «Проспект СК» газетінің 2010 жылғы 26 ақпандағы № 10 нөмірлерінде жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
аталған қаулының 3-тармағы мынадай мазмұндағы 3-1, 3-2-тармақтармен толықтырылсын:
«3-1. Қоғамдық қызметкерлердің еңбекақы төлемі «2011-2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 қарашадағы № 357-IV Заңына сәйкес ең төменгі жалақы мөлшерінде белгіленсін.