«2011 - 2013 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы»
облыстық мәслихаттың 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 29/331 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Маңғыстау облыстық мәслихатының 2011 жылғы 6 сәуірдегі № 31/371 шешімі
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңына және «2011-2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 наурыздағы № 214 қаулысына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. «2011 - 2013 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық мәслихаттың 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 29/331 шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2091 болып тіркелген, «Маңғыстау» газетінің 2010 жылғы 25 желтоқсандағы № 213 санында жарияланған) мына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
2011 жылға арналған облыстық бюджет 1-қосымшаға сәйкес мына көлемде бекітілсін:
1) кірістер - 68 337 378 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 36 077 830 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 186 563 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 1 522 мың теңге;
трансферттердің түсімдері бойынша - 32 071 463 мың теңге;
2) шығындар - 68 125 121 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 3 525 186 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 3 772 329 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 247 143 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 812 794 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 814 059 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 1 265 мың теңге:
5) бюджет тапшылығы (профициті) - 4 125 723 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 4 125 723 мың теңге.
2-тармақта:
1) тармақшада:
«Бейнеу ауданына» «98,1» сандары «99,8» сандарымен ауыстырылсын;
«Түпқараған ауданына» «17,9» сандары «10,3» сандарымен ауыстырылсын;
«Мұнайлы ауданына» «96,1» сандары «99,8» сандарымен ауыстырылсын;