Нормативтік-техникалық құжаттарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2010 жылғы 29 желтоқсандағы № 606 бұйрығы
(2011.21.01. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2011 жылғы 29 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 6) тармағына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-2-бабының 4) тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің Ғылыми-техникалық кеңесінің 2010 жылғы 28 желтоқсандағы № 12-9 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мынадай нормативтік-техникалық құжаттар бекітілсін және 2011 жылғы 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілсін:
1) «Кәсіпорындарды, ғимараттарды, құрылыстарды салу және оларды күрделі жөндеу үшін жобаларды әзірлеушілердің авторлық қадағалауы туралы ереже» ҚР ҚНжЕ 1.03-03-2010 (ҚР ҚНжЕ 1.03-03-2001 орнына);
2) «Құрылыс климатологиясы» ҚР ҚНжЕ 2.04-01-2010 (ҚР ҚНжЕ 2.04-01-2001* орнына);
3) «Елді мекендердің аумақтарын абаттандыру жөніндегі ереже» ҚР ҚНжЕ 3.01-03-2010 (ҚР ҚНжЕ ІІІ-10-75 орнына);
4) «Өндірістік ғимараттар» ҚР ҚНжЕ 3.02-09-2010 (ҚР ҚНжЕ 2.09.02-85* орнына);
5) «Тұрғын және қоғамдық ғимарттарға инженерлік жабдықтардың байланыс, сигнал беру және диспетчерлік басқару жүйесін орнату» ҚР ҚНжЕ 3.02-10-2010 (ВҚН 60-89 орнына);
6) «Мал шаруашылығының, құс шаруашылығының және аң шаруашылығының ғимараттары мен үй-жайлары» ҚР ҚНжЕ 3.02-11-2010 (ҚР ҚНжЕ 2.10.03-84 орнына);
7) «Жылыжайлар мен парниктер» ҚР ҚНжЕ 3.02-12-2010 (ҚР ҚНжЕ 2.10.04-85 орнына);
8) «Метрополитендер» ҚР ҚНжЕ 3.03-02-2010 (ҚР ҚНжЕ ІІ-40-80 орнына);
9) «Магистральдық құбырлар» ҚР ҚНжЕ 3.05-01-2010 (ҚР ҚНжЕ ІІІ-42-80* және ҚНжЕ 2.05.06-85* орнына);