Әуежайлар мен аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту ережесі туралы Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 5 қарашадағы № 263-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 360-НҚ Бұйрығы
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 42 бұйрығымен күші жойылды
«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Әуежайлар мен аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту ережесі туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 5 қарашадағы № 263-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 5 қарашадағы № 263-НҚ бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2599 нөмірімен тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
сол жақ төменгі бұрыштағы «Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі 2003 жылғы 2 желтоқсан», «Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің төрағасы 2003 жылғы 15 қазан» деген сөздер алып тасталсын;
осы бұйрықпен бекітілген Әуежайлар мен аэронавигация реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алымдар ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту ережесінде: