«2010 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша төленбеген салықтық құқық бұзушылықтар, салық салу саласындағы құқық бұзушылықтар, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы және (немесе) міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасын бұзушылықтар үшін айыппұл сомаларын есептен шығару ережелерін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 11 қазандағы № 505 бұйрығы
Осы редакция 2011 жылғы 24 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілген 2010 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша төленбеген 2002 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданыста болған Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салынған салықтық құқық бұзушылықтар, салық органдарымен 2009 жылдың 1 қаңтарына дейін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексіне сәйкес салған салық салу саласындағы құқық бұзушылықтар үшін, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы және (немесе) міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасын бұзушылықтар үшін айыппұл сомаларын есептен шығару ережелері бекітілсін.
2. «Салық салу саласындағы құқықтарды бұзғаны үшін әкімшілік жаза белгілеу туралы қаулы бойынша мерзімінің өсуіне байланысты орындалуы мүмкін емес айыппұлдар сомасын салық төлеушінің дербес шотынан есептен шығару ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 621 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілердің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Мемлекеттік тіркеу тізілімге № 5459 санымен тіркелген, 2009 жылғы 29 қаңтардағы «Юридическая газета» газетінде № 14 (1611) нөмірімен жарияланған, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы мемлекеттік органдарының актілер жинағында) күшi жойылған деп танылсын.