«Әуежайлар мен аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту ережесі туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 5 қарашадағы № 263-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2011 жылғы 7 маусымдағы № 162-НҚ Бұйрығы
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 42 бұйрығымен күші жойылды
«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкесБҰЙЫРАМЫН:
1. «Әуежайлар мен аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту ережесі туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 5 қарашадағы № 263-НҚ бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2599 нөмірмен тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Әуежайлар мен аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту ережесінде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Осы Ережеде мынадай ұғымдар қолданылады:
әуе кемелерін пайдаланушы - әуе кемелерін пайдаланумен айналысатын немесе өздерінің осы саладағы қызметтерін ұсынатын, әуежайлар мен аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерін пайдаланушы заңды немесе жеке тұлға;
әуе кемесіне тиеу коэффициенті - әуе кемесіндегі отырғызу орындарының санына тасымалданатын жолаушылардың санының қатынасы;
құзыретті орган - өз құзыретінің шегінде Қазақстан Республикасының азаматтық авиация қызметін және әуе кеңістігін пайдалануды үйлестіру мен реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;