2011-2013 жылдарға арналған Ақтөбе қаласының бюджеті туралы» Ақтөбе қалалық мәслихатының 2010 жылғы 22 желтоқсандағы № 301 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Ақтөбе облысының Ақтөбе қалалық мәслихатының 2011 жылғы 22 шілдедегі № 365 шешімі
Ақтөбе облысының Ақтөбе қалалық мәслихатының 2012 жылғы 1 наурыздағы № 01-1/465 хатымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджеттік кодексінің 9 бабының 2 тармағына және 106 бабының 4 тармағына, «2011 - 2013 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық мәслихаттың 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 333 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Ақтөбе облыстық мәслихатының 2011 жылғы 13 шілдедегі № 390 шешіміне сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. «2011 - 2013 жылдарға арналған Ақтөбе қаласының бюджеті туралы» Ақтөбе қалалық мәслихатының 2010 жылғы 22 желтоқсандағы № 301 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2011 жылғы 10 қаңтардағы № 3-1-147 санымен тіркелген, 2011 жылғы 18 қаңтардағы № 7-8 «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 1 тармақтағы:
1) тармақшадағы:
кірістер «26 223 990,1» сандары «27 939 768,9» сандарымен ауыстырылсын,
оның ішінде:
салықтық түсімдер «12 509 028,0» сандары «12 859 028,0» сандарымен ауыстырылсын;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер «668 000,0» сандары «983 900,0» сандарымен ауыстырылсын;
трансферттер түсімі «12 886 837,1» сандары «13 936 715,9» сандарымен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы:
шығындар «28 419098,4» сандары «29 768048,9» сандарымен ауыстырылсын;
4) тармақшадағы:
қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо «70 000,0» сандары «120 928, 3» сандарымен ауыстырылсын,
оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу «70 000,0» сандары «121 758,1» сандарымен ауыстырылсын;
және келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: