ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылдың 18 мамырдағы № 362 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының
2011 жылғы 1 шілдедегі
№ 442 бұйрығына
1-қосымша
«Жіті ішек инфекцияларымен сырқаттанушылықтың алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға
қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу»
санитариялық-эпидемиологиялық ережесі мен нормалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Жіті ішек инфекцияларымен сырқаттанушылықтың алдын алу жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу» санитариялық-эпидемиологиялық ережесі мен нормалар (бұдан әрі - санитарлық ереже) жіті ішек инфекцияларының алдын алу және аурудың деңгейін төмендету жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) және емдеу-диагностикалау іс-шараларын жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Осы санитариялық ережеде мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылды:
1) бактериятасымалдаушылық - аурудың клиникалық белгілерінсіз инфекциялық (паразитарлық) аурулардың қоздырғыштарын адам немесе жануар организмінде сақтаумен және қоршаған ортаға бөлумен сипатталатын инфекциялық процестің түрі;
2) декреттелген контингент - айналасындағыларға инфекциялық және паразиттік ауруларды жұқтыру үшін барынша үлкен қауіп төндіретін қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін адамдар;
3) дизентерия - көбінесе тоқ ішектің шырышты қабықшасын зақымдайтын Shigella текті микробынан туындайтын инфекциялық ауру. Клиникалық ауру интоксикация мен түйіліп ауыру синдромының болуымен сипатталады;
4) дисбактериоз - ішек жұмысының ауытқуынан, фермент шығару қабілетінің бұзылуынан, антибиотиктерді ұзақ қабылдау нәтижесінде созылмалы аурулардың нәтижесінде туындайтын ішек микрофлорасы құрамының бұзылуы;
5) иерсиниоз - интоксикация белгілерімен және асқазан-ішек жолдары, бауыр, буындар, кейде басқа органдардың зақымдануымен сипатталатын антропоноздар тобындағы жіті инфекциялық ауру;
6) инкубациялық кезең - инфекция қоздырғышының организмге түскен сәтінен бастап аурудың алғашқы симптомдары пайда болғанға дейінгі уақыт үзіндісі;