Қалалық мәслихаттың 2010 жылғы 24 желтоқсандағы № 38/340 «2011 - 2013 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2011 жылғы 12 қыркүйектегі № 48/425 шешімі
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет кодексінің 9 және 75 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағының 1) тармақшасына және облыстық мәслихаттың 2011 жылғы 31 тамыздағы № 36/410 «2011-2013 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» облыстық мәслихаттың 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 29/331 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2011 жылғы 15 қыркүйекте № 2107 болып тіркелген) сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қалалық мәслихаттың 2010 жылғы 24 желтоқсандағы № 38/340 «2011-2013 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2010 жылғы 27 желтоқсанда № 11-1-143 болып тіркелген, 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 215-216 «Маңғыстау» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
Ақтау қаласының 2011-2013 жылдарға арналған бюджеті 1 қосымшаға сәйкес, соның ішінде 2011 жылға арналған бюджеті келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 15 650 549 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша - 8 536 747 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша - 378 088 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 577 045 мың теңге;
трансферттер түсімі бойынша - 6 158 669 мың теңге;
2) шығындар - 16 403 131 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 2 705 340 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 2 705 340 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 10 000 мың теңге, соның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 10 000 мың теңге;